Субсидияланатын жұмыс орны – жұмыссыздарды, сондай-ақ оқудан бос уақытта жұмысқа қатысатын студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын денсаулығына зиян келтірмей және оқу процесін бұзбай, олардың жалақысын толық немесе ішінара субсидиялай отырып, жұмысқа орналастыру үшін, еңбек мобильділігі орталығымен (мансап орталығымен) шарт негізінде жұмыс беруші құратын жұмыс орны;
Оларға, алғашқы жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс, жастар тәжірбиесі, ұрпақтар келісім шарты, күміс жас жобасы жатады.
Кәсіптік- техникалық, жоғары оқу орындарын аяқтаған жастар үшін меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын Жастар тәжірбиесі бойынша еңбек қызметінің түрі;
- алдыңғы 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған жұмыссыздарға арналған;
- меңгерген кәсіп (мамандығы) бойынша жұмыс
- тәжірибесінің болмауы;
- ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Алғашқы жұмыс орны жобасы жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатысады. Биылғы жылдан бастап заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, 1-ші наурыздан бастап жастар санатына жататын жастардың жасы 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылды;
- жұмыс тәжірибесінің болмауы;
- ұзақтығы 18 айдан аспайды.
Қоғамдық жұмыс бойынша жасы: 16 жастан бастап Әлеуметтік Кодекстің 207 бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;
- жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар;
- оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;
- өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.
қажетті құжаттар:
- жеке басты куәландыратын құжат;
- еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
- білімі туралы құжат
- ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Ұрпақтар келісім шарты-аталған жоба зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін жастармен ауыстырумен жұмысқа орналастыруды көздейді;
- үш жыл ішінде оқуын аяқтаған жас түлектер қатысады;
- жалақы мөлшері: 30 АЕК төмен емес мөлшерінде белгіленді;
- ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Биылғы жылдан бастап «Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізіліп, 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар «Күміс жас» жобасына қатысушылар болып табылады, олардың арасында зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдарға басымдық беріледі.
- қатысу мерзімі: 36 айдан аспайды.
- жалақы мөлшері:
1) қатысудың бірінші 12 (он екі) айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
2) қатысудың 13 (он үшінші) айынан бастап 24 (жиырма төртінші) айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
3) қатысудың 25 (жиырма бесінші) айынан бастап 36 (отыз алтыншы) айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
- «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, ал зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру көзделді.