Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында 2016 жылдан бастап жыл сайын еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсы өткізіліп келеді.
«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас маманы» - бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Ескерту
Конкурс жөнінде толық ақпаратты Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан, мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А, тел.8 (7122) 32 22 28 немесе облыс әкімдігінің интернет- ресурсында: gov.kz алуыңызға болады.