Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бағытында жастарға микрокредит 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін 2,5 пайыздық жеңілдікпен беріледі.
Микрокредиттің ең жоғары сомасы - 5 миллион теңгеге дейін.
Кепіл болуы міндетті. Кепілге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік жатады (жер учаскелері, пәтер, тұрғый үй, ғимарат (здания), құрылғы (сооружения), көлік, арнайы техника, екінші деңгейдегі банктардың есеп шоттарындағы қаражаттар және т.б.).
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Микрокредитті 21 жылдан 35 жасқа дейіңгі жастар ала алады.
Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі.
Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге (агентке) тиісті құжаттарды ұсынады. Сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер бола алады. Микрокредит алдында дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспауы тиіс.
Сенім білдірілген өкіл (Агронесие корпорациясы) түскен құжаттарды жан-жақты тексеріп және олардың микрокредит беру талаптарына сәйкестігімен ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді.
Микрокредиттерді беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін құжаттар облыстық конкурстық комиссияға ұсынылады. Комиссия шешімімен бизнес-жобаларды қорғау нәтижесімен оң баға берілген жағдайда микрокредиттер беріледі.
Арнайы азаматтарға арналған мемлекеттік гранттар көлемі 400 АЕК Гранттар алуға үміткерлер:
- атаулы әлеуметтік көмекті, көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеу бойынша жәрдемақы алатын тұлғалар, мүгедектігі бар адамдар;
- гранттар жұмыссыз немеса дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкерлер ала алады;
- гранттар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде беріледі;
- гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша беріледі: қажетті еңбек құралдарын, мүкәмалды,
технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, объектілерді жалдау ақысын төлеуге;
-гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік
қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді;
Барлық әлеуметтік қолдай шараларымен қамтылу үшін жергілікті мансап орталықтарына барып жұмыссыз ретінде тіркеліп, кеңес алуға болатынын хабарлайды.