ЭЦҚ-ны шетелде қалай рәсімдеуге болады?

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

    Сұрақ

    ЭЦҚ-ны шетелде қалай рәсімдеуге болады?

    Жауап

    ЭЦҚ-ны шетелде ҚР-дің шетелдегі мекемелері арқылы рәсімдеуге болады. Оны Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ резидент емес жеке және заңды тұлғалар ала алады.

    Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне бармас бұрын, pki.gov.kz порталында өтінім беру қажет. Ол үшін «ЭЦҚ кілтін ХҚКО арқылы алу» сервисін таңдап, ЖСН енгізіп, барлық қажетті жолдарды толтыру керек. Процестен өткен соң өтінімді басып шығарып, қол қою қажет.

    Консулдық бөлімге ұсыну үшін қажетті құжаттар тізімі:

    1. Жеке тұлға (резидент):

    Өтініш (1-қосымша нысаны, pki.gov.kz порталынан, бірегей нөмірмен);

    Жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат, жеке куәлік, туу туралы куәлік);

    Өкіл арқылы өтініш берген жағдайда — нотариалды расталған сенімхат;

    Кәмелетке толмағандар үшін ата-аналары туу туралы куәлікпен бірге өтініш бере алады.

    2. Бірлескен кәсіпкерлік:

    Өтініш (2-қосымша нысаны);

    Өтініш берушінің немесе өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

    Өкіл арқылы берілген жағдайда — нотариалды сенімхат.

    3. Заңды тұлға, филиал немесе өкілдік:

    Өтініш (2-қосымша нысаны);

    Өтініш берушінің немесе өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

    Белгіленген нысандағы сенімхат (3-қосымша); мөр болмаған жағдайда — нотариалды расталады.

    4. Жеке тұлға – резидент емес:

    Өтініш (1-қосымша нысаны);

    Жеке басын куәландыратын құжат;

    Қазақстан Республикасында тіркелуді растайтын ЖСН көрсетілген құжат (ҚР «Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 9-бабына сәйкес);

    Өкіл арқылы өтініш берген жағдайда — нотариалды расталған сенімхат;

    Барлық құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы.

    5. Заңды тұлға – резидент емес:

    Өтініш (2-қосымша нысаны);

    Өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;

    ЖСН көрсетілген құжат (ҚР «Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 9-бабына сәйкес);

    Сенімхат (мөр болмаған жағдайда — нотариалды куәландырылады);

    Барлық құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды салалар қандай?

    Жауап

    Қазақстан шетелдік инвесторларды агроөнеркәсіптік кешен, металлургия өнеркәсібі, энергетика (мұнай, газ, жаңартылатын энергия көздері), тау-кен өнеркәсібі (көмір, уран, мыс және т. б.), машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, фармацевтика, білім беру және денсаулық сақтау, туризм, өңдеу өнеркәсібі және кәдеге жарату және қайта өңдеу сияқты салаларға тартады. Бұл салалар өсіп-өркендеу әлеуеті жоғары болып табылады және мемлекеттік бастамалар мен бағдарламалар арқылы қолдау табуда. (Қызметтің басым түрлерінің тізбесі https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1600000013). Байланыс деректері: - Сайт www.invest.gov.kz; - Тел: +7 7172 620 620.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Қазақстанға инвестиция салу мәселелері бойынша қалай кеңес алуға болады?

    Жауап

    Қазақстанға инвестиция мәселелері бойынша кеңес алу үшін «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясына жүгіну қажет. Ол Инвестиция комитетінің қарамағында болып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізеді. KAZAKH INVEST инвесторларға кешенді қолдау көрсетіп, құжаттарды рәсімдеу, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және консультациялық қызметтер ұсынады. (Сайт www.invest.gov.kz) Байланыс: +7 7172 620 620.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық келісімшарт бойынша есепті қандай нысан бойынша және қашан тапсыру қажет?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес инвестициялық келiсiмшарт жасалғаннан кейiн ҚР заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешіктірмей, тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып ұсынады.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру қашан жүргізіледі?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-2-бабының 3-тармағына сәйкес инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде жүргізіледі.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық келісімшарт негізінде алынған мемлекеттік заттай грантты сала аламын ба?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-1-бабының 9-тармағына сәйкес инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық келiсiмшарттың қолданысы ішінде: 1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктiң нысаналы мақсатын өзгертуге; 2) берiлген мемлекеттiк заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктi иеліктен шығаруға құқығы жоқ.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық преференцияларды алу үшін консультация беруге және құжаттарды алдын ала тексеруге сұрау салу

    Жауап

    "KAZAKH INVEST "Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Қоғам) жарғылық қызметіне сәйкес, қабылдаушы елде бастапқы келіссөздер жүргізуден және инвесторға инвестициялық шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты беруден бастап жобаларды іске асыруға және кейіннен сүйемелдеуге дейін, оның циклінің барлық кезеңдерінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді қоса алғанда, инвестициялық жобаларға жәрдемдеседі. Қоғам өз құзыреті шеңберінде жобаны іске асыруға жәрдем көрсетеді. Инвестор инвестициялық жоба бойынша "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ call-centre 8 (7172) 620-620 сұрақтарымен жүгіне алады.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    ҚР азаматы паспортын шетелде қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға (ҚР-дың болу еліндегі консулдық мекемесі): 1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 622-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады; 2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті; 3) мынадай құжаттардың біреуін: туу туралы куәлікті (16 жасқа дейін паспорт алған кезде); Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (паспортты ауыстырған кезде); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (16 жасқа толуына байланысты паспортты алғаш алған кезде); ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты паспорт алған кезде); Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлікті (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) жеке ұсынады. Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 20.02.2024 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен. 7. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді. 8. Қазақстан Республикасының мына азаматтарына: 1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға; 2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға; 3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге; 4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға; 5) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне; 6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға; 7) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына; 8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға; 9) шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталатындарға, қамауға алынатындарға, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеушілерге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы ресімделеді. 9. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады. 9. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде, "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы" 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын толтыру кезінде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, туған жері және ұлты оларды беруге негіз болған құжатқа сәйкес жазылады. 10. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде толтырылады. 11. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының азаматтарына жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады. 12. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

    ҚР СІМ·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.