Тұрғылықты жеріңіз бойынша Мансап орталығына жолығуды немесе www.enbek.kz сайты арқылы лайықты жұмыс орындарын қарауғады ұсынады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 272 бұйрығымен бекітілген «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына» (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес беріледі.
Бұл ретте, грант алуға үміткер азаматтар өтініш беру үшін қағаз тасығыштағы құжаттар ұсынбайды, яғни өтініш беру автоматтандырылған түрде business.enbek.kz порталы арқылы ғана жүзеге асырылады.
Гранттар не үшін беріледі?
Мемлекеттік грант - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бастапқы капитал.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Гранттар алудың негізгі шарттары
Грант алушы тиіс:
1.Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату:
1)Тіркелген жұмыссыздар; 2)Жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін);
2.Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жату:
1)Көп балалы тұлғалар-көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы);
2)Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері
3)Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы);
4)Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері;
5) Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
6)Кандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;
7)Мүгедектігі бар адамдар (жұмысқа жарамдылығын растау);
3.«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы;
4.Мәртебесін тексеру сәтінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке қарай)жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмау.
Грант алу кезеңдері
1. Тіркелу - Грантқа өтініш беру үшін Сізге business.enbek.kz порталында тіркелу қажет, Электрондық мекенжайды немесе ұялы телефон нөмірін пайдаланып тіркелу мүмкіндігі бар;
2.Мәртебені тексеру - Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру азаматтардың бекітілген санаттары үшін жүзеге асырылады. Грантқа үміткер болу үшін Сізге пайдаланушының жеке кабинетіндегі «Мәртебені тексеру» бөлімінде шара көрсету шарттарына сәйкестігіне тексеруден сәтті өту қажет.
3. Бизнес-жоспар - бұл бизнесті құрудан бастап нақты мақсаттарға жетуге дейінгі нұсқаулық. Ол неғұрлым жақсы пысықталған және ағымдағы жағдайларға бейімделген болса, оны іске асыру және грант түрінде қаржылық қолдау алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
4. Өтініш - Сіз мемлекеттік грантты алуға жолданған онлайн-өтініш негізінде ғана үміткер бола аласыз. Грантқа өтініш беру мүмкіндігі грант беру шарттарына сәйкестіктен сәтті өткеннен кейін және бизнес-жоспар үлгісін толтырғаннан кейін ашылады. Өтініште Сіздің бизнес-жоспарыңыздағы жобаның сипаттамасына сәйкес келетін ақпаратты көрсету қажет.
5.Комиссия туралы хабарландыру- Өтініш сәтті берілгеннен кейін Сіздің жеке кабинетіңізге , сондай-ақ тіркеу кезінде көрсетілген ұялы нөміріңізге SMS-хабарлама келеді, онда комиссия отырысының өту күні, уақыты мен орны көрсетіледі.
Өз бизнес-жобаңызды таныстыру үшін Сізге көрсетілген күні азаматтардың мемлекеттік грант беру туралы өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның отырысына келу қажет.
6. Жобаны таныстыру - Мемлекеттік грант беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді азаматтың өтініші және оның өтінішке қоса берілген бизнес-жоспары негізінде комиссия ғана қабылдайды.
7. Деректемелерді ұсыну.(грант жеңімпазы болғаннан кейін)
8. Шартқа қол қою, Грант қаражатын алу, Қаражатты мақсатты пайдалану туралы есептер (Грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап Сіз және Еңбек мобильділігі орталығы арасында шарттық міндеттемелер басталады, оған сәйкес Сіз 1 күнтізбелік жыл ішінде грант қаражатының мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есептерді ұсынып отыруыңыз тиіс. Барлығы 4 есеп.)