Мемлекеттік гранттар максималды соммасы қанша және негізгі талаптары қандай?

    kyzylorda-kasipkerlik

    kyzylorda-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Мемлекеттік гранттар максималды соммасы қанша және негізгі талаптары қандай?

    Жауап

    Мемлекеттік гранттар – кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстың қорытындысы негізінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен беріледі. Берілетін гранттың максималды сомасы – 5 млн. теңгеден, ал бизнес-жобаны іске асыру мерзімі - 18 айдан аспайды.
    Міндетті шарт – грант сомасының кемінде 20%-н ақшалай немесе жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыру, жаңа жұмыс орындарын құруы және инфрақұрылымның болуы тиіс.

    Сонымен қатар, бюджетке, банк алдында міндетті берекшектері бар, мемлекеттік сатып алуда жосықсыз ретінде танылған, бұрын соңды осы грантты алған кәсіпкерлер конкурсқа қатыса алмайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жер телімін қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жер телімін алу үшін келесідей жолдары бар: 1. ҚР Жер кодексінің 48-бабында көрсетілген ерекше жағдайларға сәйкес жер учаскесін сауда-саттықсыз алу. Бұл ретте, жоба инвестициялық жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде болуы қажет. Сондай-ақ, серіктестік ұсынған жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, инвестициялық жоба ретінде танылуы үшін «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына сәйкес әкімдікке өтінішпен жүгіну керек. 2. «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығына сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітіліген. Осы қағида талаптарына сәйкес, жобаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес ғимараттар мен құрылыстар салу үшін жер учаскесін беру қарастырылған. Осыған орай, жоба бастамашысы бірыңғай индустрияландыру картасына ену үшін жоба бойынша құжаттарды қағида талаптарына сәйкес ұсыну қажет. 3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабына сәйкес аталған жер телімін заттай грант ретінде алу. Аталған мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін Сізге ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетімен «Инвестициялар туралы келісімге» қол қою қажет. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 283-бабына сәйкес инвестициялық жобаларға кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату және мемлекеттiк заттай гранттар түрінде инвестициялық преференциялар беріледі.

    kyzylorda-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Кәсіпорын ашып, жаңа жоба іске асыратын болсам қайда орналастыруға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы №336 қаулысы сәйкес өңірде жалпы аумағы 550 гектарды құрайтын Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағы құрылды. Аймақ үш ішкі аймақтан тұрады: авиацияға қызмет көрсету (50 га), қоймалау және сақтау (100 га) және өнеркәсіптік аймақ (400 га). Мұнда құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, көлік-логистика және инновация салаларындағы жобаларды жүзеге асыру көзделген. 2025 жылғы №470 бұйрық бойынша АЭА аумағында іске асырылатын қызметтің 18 басым түрі бекітілген. Қазіргі уақытта инфрақұрылымды жүргізу бойынша жобалық құжаттар әзірленуде. Сонымен қатар, облыста жалпы ауданы 515,01 гектарды құрайтын 6 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Олардың ішінде Өндіріс индустриялық аймағы республикалық маңызы бар, ал Шиелі индустриялық аймағы өңірлік маңызға ие. Аталған аймақтардың басқарушысы – Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы ЖШС (құрылтайшылары: Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы – 96%, Қызылорда облысының әкімдігі – 4%). Индустриялық аймаққа қатысушы болу үшін өтініш беруші 2019 жылғы №599 бұйрық талаптарына сәйкес белгіленген нысанда өтінім, заңды тұлға құжаттары, қаржылық есептілік, техникалық-экономикалық негіздеме, сондай-ақ банк және салық органдарынан анықтамалар ұсынуы қажет. Бұдан бөлек, облыста шағын өнеркәсіптік аймақ аясында тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеу жобаларын орналастыруға жағдай жасалған. Осылайша, ауқымды әрі экспортқа бағытталған жоғары технологиялы жобаларды Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағы аумағында орналастыру тиімді, ал шағын және орта өндірістік жобалар үшін индустриялық немесе шағын өнеркәсіптік аймақтар қолайлы болып табылады.

    kyzylorda-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.09.2024 жылғы №754 қаулысымен бекітіліген Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары қағидаларымен регламенттеледі. Бизнес-идея деп – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастаманы айтады. Берілетін гранттың максималды сомасы – 5 млн. теңгені құрайды. Бизнес-жобаны іске асыру мерзімі – 18 айдан аспайды. Мемлекеттік гранттар – кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары негізінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен беріледі. Яғни, Басқарма осы мемлекеттік қолдау шарасының жергілікті жердегі үйлестіруші органы болып табылады. Конкурстық іріктеуге – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Негізгі талаптар – жобаның кемінде 20% көлемінде қоса қаржыландырылуы, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымның болуы немесе оны дамыту жоспары. Грант қаражаты – негізгі құралдар, шикізат, материалдар алуға, материалдық емес активтер мен технологиялар сатып алуға, франшиза алуға, ғылыми-зерттеу және жаңа технология енгізуге жұмсалады. Рұқсат етілмейді – жылжымайтын мүлік және жер сатып алу, жалға ақы төлеу, пайдаланылған негізгі құралдар мен жеңіл автокөлік алу, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу (ерекше жағдайларды қоспағанда). Өтінімдер kezekte.kz платформасы арқылы беріледі. Қоса қаржыландыру, бизнес-жоба және әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін растайтын құжаттар ұсынылады. Өтінімдер Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы қаралады. Бағалау конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады.

    kyzylorda-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу үшін қайда жолығамыз?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылу үшін кәсіпкер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына» сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілуі қажет. Ол үшін кәсіпкер немесе заңды тұлға өзінің қызмет бағытының әлеуметтік кәсіпкерлік өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды дайындап, бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өтініш береді. Тізілімге - қоғам үшін қандай да бір әлеуметтік мәселені шешу немесе пайдасын тигізу мақсатында тауарлар өндіру мен қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер енгізіледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі 4 санат бойынша жүргізіледі: 1-санат – әлеуметтік осал топтағы азаматтарды жұмыспен қамтитын кәсіпкерлер. Қосымша талап: қызметкерлер саны кемінде 2 адам, еңбекақы қорының үлесі – кемінде 25%. 2-санат – 1-санаттағы азаматтар өндірген тауарлар мен қызметтерді сатуға және ілгерілетуге көмектесетін кәсіпкерлер. Талап: осы қызметтен түсетін табыс жалпы табыстың кемінде 50%-ын құрауы тиіс. 3-санат – әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік, медициналық, психологиялық, білім беру және оңалту қызметтерін көрсететін кәсіпкерлер. 4-санат – білім беру, мәдени-ағартушылық, экология, балаларды сауықтыру, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау және салауатты өмір салтын дамыту бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік кәсіпкерлер. Әр санат бойынша өтінім және Қағидада көзделген тиісті қосымшалар ұсынылады.

    kyzylorda-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Лицензия мерзімі аяқталғаннан кейін немесе жер қойнауын пайдалану тоқтатылған жағдайда қандай шаралар қабылдануы қажет және жерді қайтару тәртібі қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Лицензия мерзімі аяқталғаннан кейін немесе жер қойнауын пайдалану қызметі тоқтатылған жағдайда пайдаланушы барлық өндірістік жұмыстарды тоқтатып, бұзылған жерлерді қалпына келтіру, яғни рекультивация жұмыстарын жүргізуге, қауіпті нысандарды жоюға және қоршаған ортаға келтірілген ықтимал залалды жоюға міндетті, бұдан кейін уәкілетті органға тиісті есептер ұсынылып, жер учаскесі мемлекетке белгіленген тәртіппен қайтарылады.

    kyzylorda-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Барлау немесе өндіру жұмыстарын жүргізу барысында жер қойнауын пайдаланушы қандай міндеттемелерді орындауға тиіс және экологиялық талаптар қалай сақталады?

    Жауап

    Жер қойнауын пайдаланушы барлау немесе өндіру жұмыстарын жүргізу барысында лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелерді толық көлемде орындауға, соның ішінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға келтірілетін әсерді барынша азайтуға, өндірістік қалдықтарды дұрыс басқаруға және экологиялық мониторинг жүргізуге міндетті, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық талаптарды сақтауы тиіс.

    kyzylorda-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін қандай негізгі талаптар қойылады және лицензия алу процесінде қандай кезеңдерден өту қажет?

    Жауап

    Жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін өтініш беруші ең алдымен уәкілетті органға тиісті құжаттар тапсырып, өзінің қаржылық тұрақтылығын, техникалық мүмкіндіктерін және жоспарланған жұмыстарды орындауға жеткілікті тәжірибесінің бар екенін дәлелдеуі қажет, сондай-ақ лицензия алу процесі бірнеше кезеңнен тұрады, оның ішінде өтінімді қарау, конкурс немесе аукцион өткізу (қажет болған жағдайда), геологиялық және құқықтық сараптамалардан өту, содан кейін ғана тиісті шешім қабылданып, лицензия ресімделеді.

    kyzylorda-kasipkerlik·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне кімдер және қалай енуге болады?

    Жауап

    Қағида талаптарына сәйкес, тізілімді қалыптастыру және жүргізу кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, яғни Ұлттық экономика министрлігімен арнаулы комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады. Жергілікті жерде үйлестірушісі – облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы болып табылады және комиссия отырысы тоқсан сайын өткізіледі.

    kyzylorda-kasipkerlik·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.