Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?

    kyzylorda-karmakshy

    kyzylorda-karmakshy·
    Сұрақ

    Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?

    Жауап

    Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
    1) https://eotinish.kz сайтында авторизациядан өту;
    2) «Менің өтініштерім» бөлімінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу;
    3) кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу;
    4) себебін көрсетіп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қайтарып алуға қол қою;
    5) мемлекеттік орган кері қайтарып алу өтінішін қарайды. Мемлекеттік орган қайтарып алуды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Оң жауап болған жағдайда «Кері қайтарып алынды» мәртебесі шығады. Қабылданбаған жағдайда өтініш мәртебесі кері қайтарып алуға арыз жібергенге дейінгі мәртебеге оралады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұрғын үйді газбен жабдықтау рәсімі қандай тәртіппен жүргізіледі?

    Жауап

    Тұрғын үйді газбен жабдықтау келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: • Техникалық шарт (ТШ) алу Газдандыру үшін алдымен газ тарату ұйымынан техникалық шарт алынады. Ол үшін өтініш және қажетті құжаттар (жеке куәлік, мүлік құжаттары, техникалық паспорт және т.б.) тапсырылады. • Газдандыру жобасын әзірлеу Алынған техникалық шарт негізінде тұрғын үйді газдандыру жобасы әзірленіп, уәкілетті ұйыммен келісіледі. • Құрылыс-монтаж жұмыстары Жобада көрсетілген талаптарға сәйкес газ құбырларын жүргізу және жабдықтарды орнату жұмыстары орындалады. • Объектіні қабылдау Жұмыстар аяқталғаннан кейін арнайы комиссия объектінің талаптарға сәйкестігін тексереді. • Газды қосу және іске қосу Объект дайын болған жағдайда газ тарату ұйымы газды қосып, жүйені іске қосады. Маңызды: Жұмыстарды тек лицензиясы бар ұйымдар жүргізуі тиіс және барлық талаптар мен қауіпсіздік нормалары сақталуы қажет.

    kyzylorda-karmakshy·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласынан 10 соттық жер алу үшін 2006 жылы кезекке тіркелген болатынмын. Алайда бүгінгі күнге дейін кезегіміз келмеген. Қызылорда қаласынан жер алуға кезектілік қашан жылжиды?

    Жауап

    2016 жылы Қызылорда қаласы әкімдігімен «Байтерек» тұрғын ауданынан (инфрақұрылыммен толық қамтылған) жеке тұрғын үй құрылысы үшін барлығы 5112 адамға жер учаскелері табысталды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Қызылорда қаласы әкімдігімен 2006 жылы кезекте тұрған тұлғалардың өтініштері бойынша кезектілікке сәйкес жер учаскесін табыстауды бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының» ақпараттық жүйесіне интеграциялау жолымен арнайы есепке қойылуына қарай қалыптастырылып келеді. Жүйе іске қосылғанға дейін жер кезектілігіне адами фактордың әсер еткені рас, дегенмен, бүгінде қандай да бір өзгеріс енгізуге жол берілмейді. Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтарға кезектілікке сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері табысталуда. Бүгінгі күні, бұл мәселе бойынша жағдай тұрақты.

    kyzylorda-karmakshy·
    Сұрақ

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жасалады ма?

    Жауап

    Облыста негізгі азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде бақылау жүргізіліп, бағаны реттеуде облыста тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Тұрақтандыру қорына өнімдер сатып алынып, әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарда төмен бағада өткізілуде. Сонымен қатар, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына 15% сауда үстемесін сақталуына бақылау жұмыстары жүргізіліп, қажетті шаралар қабылданып келеді.Сауда үстемесі деп отырғанымыз сатушы тауарды өткізу бағасын белгілеу барысында өнімді алған бағасынан 15%-дан асырмай қоюы тиіс.

    kyzylorda-karmakshy·
    Сұрақ

    Профилактикалық екпелерді қашан және қандай жағдайда алуға болады?

    Жауап

    Қазақстанда профилактикалық егулер Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміндегі міндетті вакциналар тегін беріледі. Вакцинация уақыты инфекцияның уақытына және түріне байланысты: Жаңа туылған нәрестелер: өмірінің алғашқы 1-4 күнінде - туберкулезге (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы. Нәрестелер (2, 3, 4 ай): көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға және пневмококкқа қарсы коомплексті вакцинациялар (АКДС). Балалар (12–15 ай): қызылша, қызамық және эпидемиялық паротит (ККП), полиомиелитке және пневмококкқа қарсы күшейткіш вакциналар немесе ревакцинациялар. Балалар (1,5 жас): АКДС, полиомиелит және Hib-пен ревакцинация. Мектеп оқушылары (6 жас/1 сынып): БЦЖ, ККП және АбКДС пен ревакцинация. Жасөспірімдер мен ересектер: 16 жаста дифтерия мен сіреспеге қарсы (АДС-М) екпе егіледі, ол өмір бойы әр 10 жыл сайын қайталануы тиіс.

    kyzylorda-karmakshy·
    Сұрақ

    Ағзаларды донордан алу және трансплантаттау тәртібі қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Он сегіз және одан жоғары жастағы, іс-әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыста болатын және онымен тіндік үйлесімдігі бар, кейінгі транспланттау үшін ағзаларды немесе тіндерді алуға нотариат куәландырған жазбаша келісімін білдірген адам тірі кезіндегі донор бола алады. Тірі кезіндегі донор бекітілген тәртіппен медициналық тексеруден өтеді. Тірі кезіндегі донор және ықтимал реципиент ағзалар мен тіндердің тіндік үйлесімділігін анықтау үшін HLA - зертханаға жіберіледі. Ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасында генетикалық байланысты орнату үшін Этикалық комиссия құрылып, генетикалық байланыс анықталады.

    kyzylorda-karmakshy·
    Сұрақ

    МӘМС жүйесінде мемлекет кімдерге жарна төлейді?

    Жауап

    Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан жарна балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі), жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар, жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар, жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар, жұмыс істемейтін қандастар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, мүгедектігі бар адамдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.

    kyzylorda-karmakshy·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алуға Қазақстанның резидент еместері қатыса ала ма?

    Жауап

    1)ҚР Заңының 3-бабының 24) тармақшасына сәйкес,өнім беруші – осы Заңда көзделген жағдайларда тапсырыс берушiмен жасасқан шартта оның тарапы ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум), сондай-ақ кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға; 2)Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікке еркіндік, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, соның ішінде мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау сияқты құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер бары анық. Мұнда кәсіпкерлік субъектілері ретінде шетелдік заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері) де қарастырылады. 3)Осылайша, Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.

    kyzylorda-karmakshy·
    Сұрақ

    Асфальтбетон жабынының қалыңдығы, тығыздығы және сапасы қалай бақыланады?

    Жауап

    Асфальтбетон жабынының қалыңдығын, тығыздығын және сапасын бақылау Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау аспаптық өлшеулер жүргізу, сынамалар (керндер) алу және зертханалық сынақтар өткізу арқылы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы тарапынан қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

    kyzylorda-karmakshy·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.