Мектепте тегін тамақтану кім құқылы?

    abay-besqaraqai-qanoner

    abay-besqaraqai-qanoner·
    Сұрақ

    Мектепте тегін тамақтану кім құқылы?

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы:

    1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

    2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

    3) жетім балаларға және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

    5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) беріледі.

    Білім беру ұйымының алқалы басқару органы Қамқоршылық кеңес болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша бюждеттік кредитті мерзімінен бұрын өтеу мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Бюджеттік несиені маман 3 жыл жұмыс істеген жағдайда ғана мерзімінен бұрын өтеуге болады. Егер сіз 3 жыл жұмыс істеген болсаңыз, Бесқарағай ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" ММ-не сізге кеңес беретін маманға жүгінуіңіз қажет. (Мекен-жайы бойынша Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 39, тел. 8-72-236-9-1685)

    abay-besqaraqai-qanoner·
    Сұрақ

    Мемлекттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай ұлттық жүйесі SHANYRAQ тұрғын үйіне кезекке қою ақпараттық сервисінде өтінім беру қажет (KEZEKTE.KZ). Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға беру кезектілікке сәйкес аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңының нормаларына сәйкес жүргізіледі

    abay-besqaraqai-qanoner·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.