Мемлекттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай ұлттық жүйесі SHANYRAQ тұрғын үйіне кезекке қою ақпараттық сервисінде өтінім беру қажет (KEZEKTE.KZ). Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға беру кезектілікке сәйкес аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңының нормаларына сәйкес жүргізіледі