Жекешелендіру тәртібі 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 Жекешелендіру ережесімен айқындалған.
Тұрғын үй қалдық құны бойынша беріледі.
Жекешелендіруді 15 жылға дейін бөліп төлеуге болады.
10% бастапқы жарна қажет.
Анықтама үшін: үйдің қалдық құны - үйдің физикалық тозуын шегергендегі үйдің бастапқы құны (жылына 2%)..
Азаматтардың он санаты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді тегін жекешелендіруге құқылы.
Қалған азаматтар баспананы қалдық құны бойынша біржолғы немесе 15 жылға дейінгі мерзімге бөліп-бөліп сатып ала алады.
Анықтама:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері және олардың отбасылары;
- I және II топтағы мүгедектер;
- Чернобыль апатының және басқа да радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысушылар;
- Семей полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандары;
- Арал ауданындағы экологиялық апаттан зардап шеккендер;
- қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедек болған әскери қызметшілер;
20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлеріне, немесе мүгедек баласы болған жағдайда кемінде 10 жыл;
- қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасылары;
- саяси қуғын-сүргін құрбандары;
- Ғарышкерлер мен ғарышкерлікке үміткерлер.