Тұрғын үй құрылысын салу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу қажет?
Қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес мынадай кезеңдерде «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: 1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу; 2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу 3) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.