Байланыс сапасына шағымды қалай жолдауға болады?

    kyzylorda-aral-aral

    kyzylorda-aral-aral·
    Сұрақ

    Байланыс сапасына шағымды қалай жолдауға болады?

    Жауап

    Егер сіз мобильді немесе интернет байланысының сапасына (төмен жылдамдық, жиі үзіліс, әлсіз сигнал және т.б.) қатысты қиындықтарға тап болсаңыз, уәкілетті органға шағым жолдай аласыз.
    Қайда жүгіну керек?
    Шағымды келесі тәсілдердің бірі арқылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне жолдай аласыз:
    - «Электрондық үкімет» порталы арқылы - egov.kz;
    - «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы - eotinish.kz;
    - өз өңіріңіздегі байланыс жөніндегі Өңіраралық инспекцияға қағаз түрінде өтініш беру арқылы.
    Шағымда не көрсету қажет?
    Шағымды тиімді қарастыру үшін келесі мәліметтерді міндетті түрде көрсету қажет:
    - мәселенің егжей-тегжейлі сипаттамасы: интернеттің баяу жұмыс істеуі, жиі үзіліс, әлсіз сигнал және т.б.;
    - байланыс операторының атауы;
    - проблема туындаған нақты мекенжай немесе аудан;
    - Сіздің байланыс мәліметтеріңіз;
    - абоненттік нөмірдің сіздің атыңызға тіркелгенін растайтын құжат;
    - болған жағдайда - жылдамдықты тексеру нәтижелері немесе скриншоттар (мысалы, speedtest.net сайтынан).
    Шағымнан кейін не болады?
    Телекоммуникациялар комитеті байланыс операторына қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындауы мүмкін. Бұл тексеріс Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Субъектілер мен объектілерді тексерулердің бірыңғай тізілімі арқылы жүргізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұрғын үй құрылысын салу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу қажет?

    Жауап

    Қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес мынадай кезеңдерде «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: 1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу; 2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу 3) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

    kyzylorda-aral-aral·
    Сұрақ

    Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде қандай талаптар сақталуы тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, жарнама – кез келген құралдар арқылы таратылатын, нақты бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, қызметтерге қызығушылық қалыптастырып, оларды өткізуге ықпал ететін ақпарат. Заңның 11-бабына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнама ғимараттардың сыртқы беттерінде немесе арнайы жарнама объектілерінде орналастырылады. 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, сыртқы жарнаманы орналастыру үшін алдын ала хабарлама жіберу қажет. Яғни, жарнама орналастырушы жарнаманы орналастыру жоспарланған күннен кемінде 5 жұмыс күні бұрын жергілікті құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарлама беруі тиіс.

    kyzylorda-aral-aral·
    Сұрақ

    Құрылыс саласында мердігердің шарт міндеттемелерін бұзуы кезінде қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    Егер құрылыс саласында мердігер ұйым шарт міндеттемелерін бұзса, онда келісімшарт талаптарына сәйкес айыппұл салу, шартты бұзу, келтірілген шығындарды өндіріп алу немесе сот арқылы жауапкершілікке тарту сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.

    kyzylorda-aral-aral·
    Сұрақ

    Құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға қабылдаудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нысанды пайдалануға қабылдау мемлекеттік комиссияның қатысуынсыз, төрт жақты актіні рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады: құрылыс аяқталған соң тапсырыс беруші, мердігер, техникалық қадағалау және авторлық қадағалау өкілдері нысанның жобаға және құрылыс нормаларына сәйкестігін растап, пайдалануға қабылдау актісіне қол қояды, содан кейін бұл акт сәулет және қала құрылысы бөлімінде есепке алынып, Әділет органдарында (ХҚКО) тіркелуі тиіс.

    kyzylorda-aral-aral·
    Сұрақ

    «e-Otinish»жүйесінен өзіңізге қажетті өңірдің әкімдігін тапқыңыз келе ме?

    Жауап

    Ол оп-оңай! Келесі қадамдарды орындасаңыз жеткілікті: Өтініш беру терезесін ашыңыз. Меморганды іздеу өрісіне "әкімінің аппараты" тіркесін енгізіп, содан соң оның алдына қажетті өңірдің атауын жазыңыз (мысалы, "Алматы әкімінің аппараты"). Іздеу түймешігін басыңыз. Одан әрі ұсынылған нұсқалар тізімі түріндегі іздеу нәтижелерін көресіз. Қажетті әкімдікті тауып, жүгінуіңіз сәтті өтсін!

    kyzylorda-aral-aral·
    Сұрақ

    Сайлау учаскесінің мекен-жайын қалай білуге болады?

    Жауап

    Біріншіден, Сіз сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы, сондай-ақ байланыс операторларының смс-тарату арқылы келіп түскен call-center қысқа нөмірі арқылы біле аласыз. Екіншіден, сіз бұл ақпаратты учаскелік сайлау комиссиясынан тұрғылықты мекен-жайыңызды айту арқылы біле аласыз. Үшіншіден, Сіз Kaspi.kz және Halyk қосымшаларынан да біле аласыз.

    kyzylorda-aral-aral·
    Сұрақ

    Бұрыннан тұрып жатырған тұрғын үйімнің құжаттарын мұрагерлік құқық беру туралы куәліктің негізінде қалай рәсімдеп алуыма болады?

    Жауап

    Ол үшін мұрагерлік құқық беру туралы куәліктің негізінде (ЕГКН) геопортал арқылы өтініш беру арқылы рәсімдей аласыз.

    kyzylorda-aral-aral·
    Сұрақ

    Жер кезегінде 2012 жылғы өтінішім тұр. Осы өтінішім арқылы тұрғын үй салуым үшін жерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстау Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен реттеледі. Осы Кодекстің 44 бабының талабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылады - делінген. Осыған орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері жер кезектілігі негізінде табысталатын болады.

    kyzylorda-aral-aral·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.