Монументті өнер құрылыстарын (ескерткіштер, стелалар, бюсттер) орнату жұмыстары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының 11-бабына және Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңды және жеке тұлғалар облыс әкімдігі жанынан құрылған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия қарауына ұсыныс хат түсіреді.. Ұсыныс негізінде облыстық және республикалық комиссияда қаралып, келісім алынады.
Республикалық комиссия тарапынан монументтік өнер құрылыстарын орнату идеясына келісім берілгеннен кейін республикалық және жергілікті басылым беттерінде монументтік өнер құрылыстарының эскиздік жобасына конкурс жарияланады.
Конкурс бойынша жинақталған жобалар бірінші кезекте облыстық комиссияда қаралып, іріктеледі. Комиссия іріктеген кемінде 3 эскиздік жоба республикалық комиссия қарауына ұсынылады. Республикалық комиссия үздік деп тапқан жоба бойынша монументтік өнер құрылыстарын орнатуға келісім беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына, қолданыстағы қағидаларға сай келмейтін және Арнайы жоспарға енгізілмеген, жер телімі, қаржыландыру мәселелері шешілмеген ұсыныстар Облыстық және Республикалық комиссиялардың қарауына енгізілмейді.