Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21342 болып тіркелінген «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» қағидаларына сәйкес, ЕТЖЖ-ға (бұдан әрі - егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы) және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда тапсырысшы немесе инвестор жергілікті атқарушы органға объектінің атауын және оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін көрсете отырып, ЕТЖЖ-ға және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы өтініш ұсынады.Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияны жүзеге асырушы құрылымдық бөлімшесі бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын және/немесе құрылыс салу жобаларын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, өтініш негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын дайындайды.ЕТЖЖ-ны және/немесе құрылыс салу жобаларын əзірлеу, келісу және өзгерістер және/немесе толықтыруларды бекіту осы Қағидалармен көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және/немесе құрылыс салу жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде іргелес аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін ескеру қажет.
Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығы.
4-тарау. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
adilet.zan.kz/rus/docs