Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21342 болып тіркелінген «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» қағидаларына сәйкес бекітілген қала құрылысы жобасына барлық келісімдер белгіленген тәртіппен жүргізілгеннен кейін және оны бекіткен органның шешімінен кейін өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21342 болып тіркелінген «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» қағидаларына сәйкес, ЕТЖЖ-ға (бұдан әрі - егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы) және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда тапсырысшы немесе инвестор жергілікті атқарушы органға объектінің атауын және оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін көрсете отырып, ЕТЖЖ-ға және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы өтініш ұсынады.Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияны жүзеге асырушы құрылымдық бөлімшесі бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын және/немесе құрылыс салу жобаларын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, өтініш негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын дайындайды.ЕТЖЖ-ны және/немесе құрылыс салу жобаларын əзірлеу, келісу және өзгерістер және/немесе толықтыруларды бекіту осы Қағидалармен көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және/немесе құрылыс салу жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде іргелес аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін ескеру қажет.