№ 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» пойызы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның «Қала маңындағы тасымалы» филиалымен аптасына 5 күн жүргізіле бастады. Вагондары зауыттан 2014 жылы шыққан.
Осы пойыз облысымыздың оңтүстік бағыттағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды.
Әлеуметтік маңызы бар Қызылорда-Бесарық-Түркістан ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынасы облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. Осы ретте, тасымалдаушы Жолаушы тасымалы» АҚ-ның «Қала маңындағы тасымалы» филиалымен 10 жылға келісім-шартқа отырғандығын ескеретін болсақ, аталған пойыз алдағы уақытта да халыққа қызмет ететін болады.