. Көлік қызметіне тапсырыс бергеннен кейін, ұйым нақты келу уақытын хабарлайды;
· Арнайы көлікте көтергіш құрылғы мен қауіпсіздік құралдары болуы тиіс;
· Жүргізуші жолаушыға көмектесуге дайын болуы керек (мысалы, көлікке міну кезінде).
Қызметті пайдалану үшін ақы төлеу керек пе?
Инватакси қызметі әдетте тегін ұсынылады, себебі бұл – әлеуметтік қолдау шараларының бірі. Алайда, кей өңірлерде белгілі бір шарттар немесе шектеулер болуы мүмкін. Нақты ақпаратты жергілікті әлеуметтік қорғау мекемесінен білуге болады.
Қызмет сапасына байланысты ұсыныс немесе шағым білдіруге бола ма?
Ұсыныстар мен шағымдарды қызмет көрсетуші ұйымға жазбаша немесе ауызша түрде білдіруге болады;
· Қажет болған жағдайда жергілікті әлеуметтік қорғау бөлімшесіне хабарласуға болады.
Инватакси қызметі дегеніміз– бұл мүгедектігі бар адамдарға немесе қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы бейімделген көлік қызметі. Бұл такси түрі арнайы көтергіш құрылғылармен, жайлы орындармен және қажет болған жағдайда жүргізушінің көмегімен қамтамасыз етіледі.
Инватакси қызметін келесі азаматтар пайдалана алады:
· I немесе II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;
· Қозғалысы шектеулі, арнайы көлік қажет ететін мүгедектер;
· Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар немесе қамқоршылар (балаға еріп жүретін тұлға ретінде).
Инватакси қызметін қызметті алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. Қызмет ұсынатын ұйымды анықтау
Өз қалаңыздағы немесе аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінен инватакси қызметін ұсынатын ұйымның байланыс мәліметтерін алу қажет.
2. Өтініш беру
Қызметке жазылу үшін мүгедектік туралы куәлік немесе медициналық комиссияның қорытындысын негізге ала отырып өтініш беру керек.
3. Өтінішті беру тәсілдері:
· Ұйымның кеңсесіне барып тікелей;
· Телефон арқылы;
· Ұйымның ресми сайты немесе электрондық пошта арқылы.
Инватакси қызметіне тапсырыс беру кезінде келесі ақпаратты нақты көрсету қажет:
· - жол жүру бағыты (қайдан – қайда);
· - сапар уақыты мен күні;
· - жолаушылар саны;
· - мүгедектер арбасымен бар-жоғын көрсету;
- еріп жүретін тұлға (бар болса) туралы мәлімет.