Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері сұйытылған мұнай газын тасымалдауға, сақтауға, өткізуге және тұтынуға арналған газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ тұтыну жүйелерінің, автогаз құю станцияларының және өзге де технологиялық объектілердің жиынтығын білдіреді.
Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілері мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін.
Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің субъектілері:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері
4) Алып тасталды-ҚР 2021.12.30 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың және осындай объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын автогаз құю станцияларының иелері.
Жауап: