«АЖК» АҚ тұлғасында энергия беруші ұйымға трансформаторлық қосалқы станция берілген жағдайда мынадай тәртіппен жүзеге асырылады. Электр желілерін «АЖК» АҚ балансына қабылдау-беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Трансформатор мен желілерді теңгерімге беру үшін электр желілерінің теңгерім ұстаушысы белгіленген тәртіппен Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б мекенжайы бойынша «АЖК» АҚ кеңсесіне өтінішпен, құқық белгілейтін құжаттармен және электрмен жабдықтауға арналған Техникалық құжаттамамен жүгінеді.
«АЖК» АҚ персоналы берілетін электр желілеріне, трансформаторға тексеру жүргізеді және оларды «АЖК» АҚ балансына қабылдаудың экономикалық орындылығы белгіленеді. Берілетін электр желілерінің жай-күйі электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс. Нормативтік-техникалық құжаттар сәйкес келмеген немесе желілердің және трансформаторлық қосалқы станцияның техникалық жағдайы нашар болған жағдайда энергия беруші ұйым оларды сәйкестікке келтіргенге дейін бас тартуға құқылы.
Коммуналдық меншікке берілген жағдайда келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды мемлекетке беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген «сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды мемлекеттің сатып алу Ережесіне» сәйкес айқындалған.
Коммуналдық меншікке электр желілерін беру мәселесін қарау үшін келесі құжаттар тізбесін ұсыну қажет:
- жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтардың ауыртпалығының) туындауына негіз болып табылатын құжат;
- баланстық құн (заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны баланстан үзінді көшірмемен немесе бағалаушы жасаған бағалау туралы есеппен расталады);
- техникалық құжаттама (ТП төлқұжаты, схемалар және т.б.).
Өзге жағдайларда трансформаторлық қосалқы станция сот шешімі бойынша иесіз деп танылады, содан кейін әкімдігінің коммуналдық балансына беріледі.