Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңының және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығының негізінде – «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» - Мемлекеттік қызмет болып табылады.
2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69- бабы 3- тармағына сәйкес, мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келiп түсетін өтiнiштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiн жүргiзу тәртiбi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 1- тарауы 3- тармағының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтері көрсетеді (қызметті көрсетуші).
Мемлекеттік архивтер «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметті көрсетеді, осыған байланысты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Е-Өтініш» АЖ-і арқылы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, Сіздің өтінішіңіз қоса берілген құжаттармен бірге біздің тарапымыздан «Е-Архив» АЖ-не көшірілуге жататынын және көрсетілген ақпарат жүйесінде - кеңсе арқылы түскен болып тіркелетінін және жауабы Сіз көрсеткен мекен-жайға Казпочта арқылы жіберіледі.