Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ спорт федерациялары есебінен қаржыландырылатын халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар енгізіледі.
Бірыңғай республикалық күнтізбе және Бірыңғай өңірлік күнтізбе мынадай құрылымнан тұрады:
1) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның атауы;
2) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның өткізілу мерзімі және орны;
3) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын ұйымдар;
4) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын команда құрамы;
5) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны;
6) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын жаттықтырушылар саны;
7) "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191бұйрығына сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелді) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын төрешілер және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге мамандар саны;
8) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысты, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараны ұйымдастырушы;
9) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар.
Бірыңғай республикалық күнтізбе және Бірыңғай өңірлік күнтізбе мынадай бөлімдерден тұрады:
1) 1-бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар;
2) 2-бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары;
3) 3-бөлім – ұлттық спорт түрлері;
4) 4-бөлім – мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорттық іс-шаралар;
5) 5-бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері;
6) 6-бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері;
7) 7-бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері;
8) 8-бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері;
9) 9-бөлім – дене-шынықтыру спорт ұйымдары өткізетін іс-шаралар.
Алдағы жылға арналған Бірыңғай республикалық күнтізбеге осы қағиданың 9-тармақтағы 3, 4, 5, 6, 7 және 8 бөлімдерге енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға алдағы жылға 1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары, осы қағиданың 9-тармақтағы 1, 2 және 9 бөлімдерге өзге дене шынықтыру-спорт ұйымдары береді.
Бірыңғай өңірлік күнтізбеге алдағы жылға енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға алдағы жылға 1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары береді.
Спорттық іс-шараны Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) спорт түрінен (түрлерінен) республикалық, өңірлік, жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының өтінішхаты;
2) ақпаратты осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша.