Иә, 2026 жылы Сіз өзіңізді жұмыспен қамтып, белгілі бір шарттар орындалған кезде пәтеріңізді, соның ішінде зейнеткер ретінде жалға бере аласыз. Бұл 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде қарастырылған. Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін негізгі шарттар:
- Сіз Қазақстан азаматы болуыңыз керек;
- Жеке кәсіпкер (ЖК) болмауы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режим тек жеке тұлғаларға ғана қолжетімді;
- Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілуге тиіс;
- Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбау;
- Ай сайынғы табыс 300 АЕК-тен аспауы тиіс, бұл шамамен 1 млн. 300 мың теңгені құрайды (2026 жылы 1 АЕК 4325 теңгеге тең болады).
Салықтарқалай есептеледі
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табыс салығын төлемейді.
Алынған табыстан әлеуметтік төлемдер төленеді - 4%, оған әлеуметтік аударымдар (1%), міндетті зейнетақы жарналары (1%), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (1%), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (1%) кіреді.
Әлеуметтік Кодекстің 243, 248-баптарына, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңның 28-бабына сәйкес жасына байланысты зейнеткерлер әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады. Осылайша, Сіз әлеуметтік төлемдерден босатыласыз.
Қалайрәсімдеуге болады
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «e-Salyq Business» арнайы қосымшасын пайдалануды көздейді.
- Мобильді қосымшаға өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелу;
- Фискалдық чектерді міндетті түрде соғасыз. Режимді қолданудың басталу күні - бірінші чектың соғылуы.
- Әлеуметтік аударымдар ай сайын автоматты түрде есептеледі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінің қолданылуы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 77-тарауының 718-721-баптарымен реттеледі.