Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары қандай?
Айта кету керек, азаматтар ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз қалауы бойынша төлейді, олардың мөлшері мен кезеңділігін дербес белгілейді. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды. Бұл – жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі. Өз жұмысшылары үшін ЕЗЖ төлейтін жұмыс берушілер салықтық жеңілдіктерге ие болады. Жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеруге жатады. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салық салу кезінде жеңілдіктер алады.