«Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
«Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама Құрманғазы ауылы 2026 жыл 15 маусым Талданатын объект туралы мәлімет: «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Талдаудың негізі: «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 25 сәуірдегі №17 бұйрығы. Талдауды жүргізу мерзімі: 2026 жыл 25 мамыр – 14 маусым аралығы. Талдауды жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 01 сәуір – 2026 жылғы сәуіп наурыз аралығы. Талдау ба ғыты: Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Ақпараттық талдамалық бөлім. «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Бөлімнің ведомстволары жоқ. Бөлімнің заңды мекен-жайы: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, 2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №209 «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысымен мекеменің ережесі бекітіліп , мемлекеттік мекемені ауданаралық Әділет басқармасынан 2022 жылдың 6 маусым күні қайта тіркелді. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 1) Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Аудан әкімінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімнің 1 бірлік штат саны лимиті қысқаруына байланысты бөлімнің штаттық саны - 6 бірлікті құрайды, оның нақты саны – 1-бөлім басшысы, 1-сектор менгеруші, 3-бас маман, 1-бас маман есепші. Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар жоқ. Талдау жүргізу барысында бөлімнің персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. 2)Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ. 3) Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Аудандық бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 ақпандағы №31 «Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» қаулысымен атауы өзгертіліп мемлекеттік мекемені ауданаралық Әділет басқармасынан қайта тіркелді. 2021 жылдың 3 наурыз күні және Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №209 «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысымен мекеменің ережесі бекітіліп, мемлекеттік мекемені ауданаралық Әділет басқармасынан 2022 жылдың 6 маусым күні қайта тіркелді. Құрманғазы ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, бөлім арқылы 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі: 1) « Жолаушылар мен багажды автомобиль мен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша: Аталған қызмет түрі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 4 жұмыс күні, Электронды www.egov.kz 2025 жыл сәуір айынан 2026 жылдың сәуір айы аралығы қызмет алушылар тарапынан өтініштер түспеген. 2)« Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша: Аталған қызмет түрі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күні, электронды 2025 жыл сәуір айынан 2026 жылдың сәуір айы аралығы қызмет алушылар тарапынан 86 өтініш түсіп қанағаттандырылды. 3)" Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу " қызметі бойынша: Аталған қызмет түрі, ""Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күні, Электронды www.egov.kz 2025 жыл сәуір айынан 2026 жылдың сәуір айы қызмет алушылар тарапынан өтініштер түспеген. 4)" Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру " қызметі бойынша: Аталған қызмет түрі, "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жүргізілді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 жұмыс күні «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz 2025 жыл сәуір айынан 2026 жылдың сәуір айы қызмет алушылар тарапынан 111 өтініш түсті. 5) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» қызметі бойынша: Аталған қызмет түрі, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі. Күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүреді. Ұсыным: Тұрғын үйді жекешелендіру жөнінде. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министірінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №244 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй комиссиялары туралы Үлгі ережесіне сәйкес, Тұрғын үй комиссиясы мемлекеттік мекемелердің жанынан құрылған, тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселелері бойынша шешім шығаруға өкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Яғни округ әкімі аппаратының теңгерімдегі үйлерге арналған жекешелендіру комиссиялары. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №437 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидасы ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық (ЖКХ) бөлімінің теңгерімдегі тұрғын үйлерді жекешелендіруге арналған құқықтық нормасы. Сондықтан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №437 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидасына қызмет көрсетушілер қатарына ауылдық, селолық (поселкалық, кент) округ әкімі аппараттарын қосу қажет. Өйткені ауылдық округ әкімі аппараттарының теңгерімде тұрғын үйлері бар. Осымен қатар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министірінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №244 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй комиссиялары туралы Үлгі ережесіне сәйкес жекешелендіру комиссиялары жұмыс жасайды. 3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. 2025 жыл сәуір айынан 2026 жылдың сәуір айы 33 өтініш қарауға түсіп, оның ішінде: заңды тұлғадан – 8, жеке тұлғадан – 25. Өтініштердің мәні бойынша: мемлекеттік сатып алу бойынша, қайырымдылық концерт, көппәтерлі тұрғын үй сұрақтары, жол мәселелері бойынша өтініштер келіп түсті. Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес өтініш берушілерге түсінік жұмыстары жүргізілді. 4.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Бөлім бойынша Құрманғазы ауданына қарасты ауылдардың ауылішілік автомобиль жолдарын салу жылдарға жоспарланып, кезең кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бөлімде бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 5.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Құжаттармен жұмыс кезінде «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 Қаулысы және «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен» жұмыс туралы Нұсқаулық басшылыққа алынады. Бөлімде сақталатын іс-құжаттарының толықтығы үнемі тексеріліп, бақылауға алынып отыр. Түскен құжаттар Бұлтты құжат айналым жүйесінде тіркеліп мерзімінде орындалуда. 2025 жыл сәуір айынан 2026 жылдың сәуір айы аралығы бөлімге тусіп тіркелген кіріс құжаттарының жалпы саны -975. Тіркелген шығыс құжаттары-713. Келіп түскен және жөнелтілген құжаттардың есебі шығарылып аудан әкімі аппаратына және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (ай сайын, тоқсан сайын жартыжылдықтың және жылдың қорытындысымен) ұсынылады. Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің істер номенклатурасы, ведомстволық архив және сараптау комиссиясы туралы ережелері Атырау облысы Мұрағаттар және құжаттама басқармасы жанындағы тұрақты жұмыс жасайтын Сараптау-тексеру комиссиясының 2021 жылғы 21 тамыздағы №8 хаттамасы бойынша келісілген. Аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімінің индексі (бұрыңғы 08-08-01) 2021 жылы 10 қыркүйек №349-ө «Аудан әкімі аппаратының және аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жаңа индекстерін бекіту туралы» өкіммен 06-07-07 өзгерді. 2024,2025 жылдарға арналған істер номенклатурасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 шілдедегі №184 бұйрығымен бекітілген тізбені пайдалана отырып жаңартылып жасақталды. Бөлімнің 2010-2015 ж құжаттары Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының сараптау тексеру комиссиясының 2021 жылдың 27 қыркүйектегі №8 хаттамасымен келісіліп, Аудандық мұрағатқа тапсырылды. Бөлімнің 2016-2024 жылдың іс- құжаттары бөлімнің мұрағат бөлмесінде түптеліп, тігіліп сақталуда. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қарау мерзімдерін бұзылған фактілер анықталған жоқ. 2025 жылдың сәуір айынан бастап 2026 жыл 30 cәуіріне дейін бөлім басшысының – 179 бұйрығы қабылданған, соның ішінде: еңбек демалысын беру-10, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-93, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-76. Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған. Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 1 шілдеге дейінгі мерзімде тапсырған. Бөлім бойынша 8 /71233/ 2-15-55 сенім телефоны жұмыс жасайды. Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?», «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әркет етіңіз» атты жадынамалар ілінді. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған. Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады. Бөлімнің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталып, ұсыным жасалды. Ұсыным: Тұрғын үйді жекешелендіру жөнінде. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министірінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №244 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй комиссиялары туралы Үлгі ережесіне сәйкес, Тұрғын үй комиссиясы мемлекеттік мекемелердің жанынан құрылған, тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселелері бойынша шешім шығаруға өкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Яғни округ әкімі аппаратының теңгерімдегі үйлерге арналған жекешелендіру комиссиялары. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №437 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидасы ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық (ЖКХ) бөлімінің теңгерімдегі тұрғын үйлерді жекешелендіруге арналған құқықтық нормасы. Сондықтан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №437 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидасына қызмет көрсетушілер қатарына ауылдық, селолық (поселкалық, кент) округ әкімі аппараттарын қосу қажет. Өйткені ауылдық округ әкімі аппараттарының теңгерімде тұрғын үйлері бар. Осымен қатар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министірінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №244 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй комиссиялары туралы Үлгі ережесіне сәйкес жекешелендіру комиссиялары жұмыс жасайды. Бөлім басшысының м.а. А.Өтепов Бөлімнің бас маманы В. Галиева Бөлімнің бас маманы С.Кажгалиева Бөлімнің бас маманы Н.Шамшеденов