Жаңа автобус маршрутын ашу – жолаушыларды тасымалдау бағыттарын ұйымдастыруға рұқсат алу рәсімі. Бұл қызмет түрі бағыттың деңгейіне (қалалық, ауданаралық, облысаралық немесе республикаішілік) байланысты әртүрлі мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
Маршруттың бағытына байланысты өтініш келесі мекемелерге беріледі:
- Бақыт түрі ауданішілік маршруттарын ашу үшін аудан әкімдігіне;
- бағыт түрі қалалық және қаламаңы маршруттарын ашу үшін қала әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне;
- бағыт түрі ауданаралық және облысаралық маршруттарын ашу үшін облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына
- бағыт түрі Республикаішілік (бірнеше облысты қамтитын) маршруттар ашу үшін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне жүгіну қажет:
Мысалы: егер жаңа автобус бағыты Алматы облысының екі ауданы арасында болса онда өтініш облыс әкімдігіне беріледі. Ал егер бағыт Алматы мен Астана қалаларын байланыстырса онда өтініш Көлік министрлігіне жіберіледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
Жаңа автобус маршрутын ашу үшін келесі құжаттар қажет:
- Өтініш -бағытты ашу туралы ресми өтініш;
- маршрут схемасы мен қозғалыс кестесі – автобустың жүретін бағыты, аялдамалар мен уақыт кестесі көрсетілген құжат;
- көлік құралдарының меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар;
- көлік құралы туралы құжаттар:
- техникалық паспорт;
- техникалық байқаудан өткені туралы акт;
- міндетті сақтандыру полисі (ОГПО);
- жүргізушілер туралы құжаттар:
- D немесе D1 санатындағы жүргізуші куәлігі;
- медициналық тексеруден өткені туралы анықтама;
- жүргізушімен жасалған еңбек шарты;
- тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
- көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты.
Қызмет көрсету мерзімі мен құны:
Қызмет көрсету мерзімі әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін (әдетте 15-30 жұмыс күні).
Қызмет тегін көрсетіледі, бірақ қажетті құжаттарды рәсімдеу (мысалы, сақтандыру немесе техникалық байқау) үшін жеке шығындар болуы мүмкін.
Келесіжағдайларда бас тартылуы мүмкін:
- Құжаттар толық немесе дұрыс тапсырылмаған жағдайда;
- маршруттың схемасы қолданыстағы бағыттармен сәйкес келсе немесе қайшылық болса;
- көлік құралдары техникалық талаптарға сай болмаса;
- тасымалдаушының сақтандыруы немесе лицензиясы болмаса.
Қате кеткен жағдайда не істеу керек?
Егер өтініш қате толтырылған болса немесе құжаттар толық болмаса, өтініш берушіге ескерту беріледі. Қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін құжаттарды қайта тапсыруға болады.
Қосымша ақпарат пен кеңес алуүшін:
Қосымша ақпарат алу үшін келесі мекемелерге жүгінуге болады:
Жергілікті әкімдік (қала немесе аудан деңгейінде);
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі – https://www.gov.kz/memleket/entities/mot
Нормативтік актілермен «Әділет» құқықтық ақпарат жүйесінде танысуға болады – https://adilet.zan.kz.