Ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысу үшін кейбір қызмет түрлерін бастамас бұрын хабарлама тәртібін сақтау қажет. Яғни, кәсіпкер бұл қызметті бастайтыны немесе тоқтататыны туралы жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) алдын ала хабарлауы тиіс. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы мен ветеринария саласындағы нормативтік актілерге сәйкес реттеледі.
Қандай ветеринариялық қызмет түрлері хабарлама жасауға жатады?
Хабарлама тәртібі мынадай кәсіпкерлік қызмет түрлеріне қолданылады:
- Ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі.
- Ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биопрепараттарды, зоогигиеналық бұйымдарды өткізу қызметі.
- Жануарларға арналған парфюмерия немесе косметикалық құралдарды өндіру (ветеринариялық мақсатта) қызметі.
- Дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дегельминтизация жүргізу қызметтері.
Қажетті құжаттар және қойылатын талаптар:
- Ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет түріне
Заңды тұлғалар үшін:
- тиісті жабдық жиынтығының болуы;
- ветеринариялық мамандығы бар қызметкерлердің болуы;
- хабарламаға келесі құжаттар қоса беріледі:
- қызметкерлердің тізімі (аты-жөні, білімі, диплом мәліметтері); басшы қол қойған және мөрмен бекітілген;
- қызметкерлердің диплом көшірмелері;
- біліктілік арттыру немесе мамандандыру сертификаттары;
- ветеринариялық-санитариялық қорытынды көшірмесі.
Жеке тұлғалар үшін:
- тиісті білімі туралы дипломның көшірмесі;
- біліктілікті арттыру сертификаты;
- ветеринариялық-санитариялық қорытынды;
қызметті жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтың болуы.
2. Дәрілік заттарды, биопрепараттарды, бұйымдарды өткізу немесе парфюмерия өндіру қызметі
Барлық тұлғалар үшін міндетті:
- үй-жай мен жабдықтардың болуы (меншік құқығы немесе басқа заңды негізде);
- ветеринариялық мамандығы бар қызметкерлер (заңды тұлғалар үшін);
- ветеринариялық білімі бар маман (жеке тұлғалар үшін).
Құжаттар тізімі:
- қызметкерлер тізімі (заңды тұлғалар үшін);
- диплом көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
- біліктілік сертификаты;
- объектіге берілген есептік нөмірді растайтын құжат;
- үй-жайға меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
- Дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизацияқызметі
Барлық тұлғалар үшін:
- қажетті техника, жабдық және үй-жайлардың болуы (меншік немесе заңды негізде).
- ветеринариялық білімі бар маманның болуы.
Құжаттар тізімі:
- қызметкерлер тізімі (заңды тұлғалар үшін)
- диплом көшірмесі (жеке тұлғалар үшін)
- біліктілік сертификаты
- ветеринариялық-санитариялық қорытынды
- үй-жайға құқықты растайтын құжаттар
Қызметті бастау үшін әрекеттер тәртібі:
- қажетті құжаттарды дайындаңыз (жоғарыда көрсетілген тізімге сай)
- электронды немесе қағаз түрде хабарлама беріңіз
- хабарлама тіркелгеннен кейін қызметті бастай аласыз (арнайы рұқсат қажет емес)