Жаңа стадион қашан және қай жерде салынады?
Шымкент қаласында Қаратау ауданы, Тұран‑2 шағынауданында сыйымдылығы 35 000 көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы 2025 жылы басталды. 31.07.2025 жылғы «Қазақстан Футбол Федерациясы» Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің №40/23 санды шығыс хатымен жаңа стадион эскизі келісілген. Аталған стадионның құрылысы FIFA және UEFA халықаралық талаптарына сәйкес жүргізіліп, 2027жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Жер учаскесінің жалпы ауданы 20,5 га (қабат саны-3)