Жаңа стадион қашан және қай жерде салынады?

    shymkent-sport

    shymkent-sport·
    Сұрақ

    Жаңа стадион қашан және қай жерде салынады?

    Жауап

    Шымкент қаласында Қаратау ауданы, Тұран‑2 шағынауданында сыйымдылығы 35 000 көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы 2025 жылы басталды. 31.07.2025 жылғы «Қазақстан Футбол Федерациясы» Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің №40/23 санды шығыс хатымен жаңа стадион эскизі келісілген. Аталған стадионның құрылысы FIFA және UEFA халықаралық талаптарына сәйкес жүргізіліп, 2027жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Жер учаскесінің жалпы ауданы 20,5 га (қабат саны-3)

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қала тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытудың ең тиімді жолдары қандай?

    Жауап

    Қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытудың ең тиімді жолдарының бірі — тұрғындар үшін қолжетімді, тегін және жүйелі спорттық жаттығуларды ұйымдастыру. Шымкент қаласында бұл бағытта нақты қадамдар жасалуда. Тұрғындардың таңғы белсенділігін арттыру мақсатында Шымкент қаласының 13 саябағында спорт нұсқаушыларының жетекшілігімен таңғы жаттығулар күн сайын сағат 6:00-ден 9:00-ге дейін өткізіледі. Бұл жоба қала тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Жобаға балалар, жастар, ересектер, зейнеткерлер белсенді түрде қатысады (қатысушылар саны 1 мыңға жуық). Таңғы жаттығулар өтетін саябақтардың мекен-жайлары: Дендро саябағы Абай саябағы Металлург саябағы Шахматшылар үйі (Орталық саябақ) Орталық саябағы Жеңіс саябағы Қажымұқан стадион (Вело спорт) Қазақстан-Түркия достығы саябағы Шым Сити саябағы Әкімшілік аллеясы Отбасы аллеясы Алтын дән аллеясы Тұран аллеясы

    shymkent-sport·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.