«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 82-бабының 7-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар декреттелген халық тобына жататын қызметкерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Кодекстің 82-бабының 9-тармағына сәйкес гигиеналық тексеруден өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге міндетті. Халықтың декреттелген топтарына гигиеналық ағарту жұмыстарын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №195/2020 ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы» ережемен (бұдан әрі – Ереже) айқындалады.