Кодекстің 1-бабының 280-тармағына және Ереженің 1 тарауының 4-тармақшасына сәйкес халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтыру үшін барынша жоғары қауіп төндіретін адамдар жатады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы «Гигиеналық оқытуға жататын халықтың декреттелген тобының тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ-268/2020 бұйрығымен халыққа қызмет көрсету салаларындағы қызметкерлердің тізбесі бекітілді. Сондай-ақ гигиеналық дайындықтан өтуге міндетті тұлғалардың тізімі Ереженің 1-қосымшасында гигиеналық оқыту бағдарламаларына сәйкес тізіммен қалыптастырып көрсетілген.