Кодекстің 96-бабының 1-тармағына және Ереженің 2-тарауының 5-тармағына сәйкес халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметті профилді санитарлық-гигиеналық (медико-профилактикалық) жоғары білімі бар жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың өкілдері жүзеге асырады. Кодекстің 24-бабының 1-тармағына сәйкес бұл қызмет хабарлама беру бойынша жүзеге асырылады.
Департамент халықтың декреттелген тобына гигиеналық оқыту жүргізудің сапасын бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың гигиеналық оқыту бойынша қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарламаларды мониторингілеу; гигиеналық оқытуды жүргізу тәртібі мен бағдарламасының сақталуын тексеру; тексерулер, профилактикалық бақылау мен қадағалау барысында декреттелген топқа жататын адамдардың білімін тексеру арқылы жүзеге асыратынын ескертеді. Қызметкерлеріңізді жоғары сапалы гигиеналық оқыту және оны іс жүзінде қолдану Сіздің өнімдеріңіз бен қызметтеріңіздің қауіпсіздігіне сенімділік береді!