Иә, қабылданған Құрылыс кодексінде қолданыстағы заңнама шеңберінде өзінің тиімділігін көрсеткен "Жедел ден қою шарасы" тетігі енгізілді.
Қадағалаудың бұл нысаны рұқсат беру құжаттарынан (лицензиялар, аттестаттар, аккредиттеу және т.б.) айыруға дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын (бұдан әрі – ҚМЖ) тоқтата тұра отырып, шұғыл шараларды қолдануға және бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Салынып жатқан объектілерге бақылауды күшейту мақсатында құрылыс саласындағы бақылау органдарының қатысуымен құрылыс кезеңдерін басынан бастап пайдалануға беруге дейін "Жоспарлы инспекциялау" тетігі қосымша енгізілді.
Сондай-ақ субъектіге (объектіге) бармай-ақ профилактикалық бақылау енгізілді.
Бұл тетік жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есептілігі, мәліметтері негізінде тұрақты камералдық бақылауды қамтамасыз етуге арналған.
Бұдан басқа, бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жедел шаралар қабылдай отырып, сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы бақылау органдарының құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жетілдірілді.
Бұдан басқа, құрылыс кодексінде мемлекеттік органдардың (МТК, ТЖ) объектіні пайдалануға дайын екендігі туралы қорытынды бере отырып, объектілерді қабылдауға міндетті қатысуы көзделген.
Заңнамалық өзгерістер мен инновациялар бүкіл құрылыс циклін — басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін үздіксіз мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді.