Лицензия алу үшін портал арқылы өтінім беру қажет https://minerals.e-qazyna.kz (бұдан әрі - портал) келесі құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде қоса бере отырып:
1) жазбаша өтініш (порталда толтырылады);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығымен бекітілген «Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес өтініш беруші әзірлеген және бекіткен жер қойнауын геологиялық зерттеу жоспары және (немесе) жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы.
Өтініш порталда тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия Геологиялық түсіру және (немесе) геофизикалық жұмыстарды, сондай-ақ жер асты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу мақсатында 3 жылға беріледі.
Сонымен қатар, Кодекстің 84-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен өзгеше белгіленетін жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын геологиялық зерделеуге арналған лицензия оны иеленушіге геологиялық зерделеу учаскесіне айрықша құқық бермейді.
Лицензия иеленушінің аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу жағдайларын қоспағанда, мұндай адамның келісімінсіз пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру үшін басқа тұлғаға пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге құқығы жоқ.