Жерді уақытша пайдалануға қалай алуға болады?

    kyzylorda-zhalagash

    kyzylorda-zhalagash·
    Сұрақ

    Жерді уақытша пайдалануға қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 35-ші бабына сәйкес, уақытша жер пайдалану құқығы:

    1. Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.
    2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.

    Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.

    Арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне беріледі.

    Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша жер пайдалану құқығы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының индустриялық аймақ құру туралы шешімінде айқындалған мерзімге, бірақ кемінде 20 жылға беріледі.

    Елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде үш жыл мерзімге беріледі.

    1. Уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шекті мерзімдері осы Кодексте белгіленген уақытша жер пайдалану мерзімдеріне сәйкес жер учаскесiн нысаналы пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, жалдаушының өтініші негізінде белгiленедi.
    2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртiбi оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi.

    5. Жер пайдалану құқығында берілген жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару жасалған жер учаскесін жалдау шартына немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шартына сәйкес жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 197 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес - мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері-15 (он бес) жұмыс күні.

    kyzylorda-zhalagash·
    Сұрақ

    Баланың тууын қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата-аналар немесе басқа да мүдделі тұлғалар баланың туу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш береді. Тууды мемлекеттік тіркеу проактивті тәсілмен, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеу кезінде көрсетілуі мүмкін www.egov.kz. Екі және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде олардың әрқайсысына электронды түрде туу туралы медициналық куәліктер беріледі, олардың негізінде туу туралы бірінен соң бірі жеке жазбалар жасалады және балалардың туу туралы жеке куәліктері беріледі. Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

    kyzylorda-zhalagash·
    Сұрақ

    Бір аптадан/онкүндіктен/айдан кейін қолданылу мерзімі аяқталатын ЭЦҚ-ны қалай ұзартуға болады?

    Жауап

    ЭЦҚ қолданылу мерзімін бір неше тәсілдермен ұзарта аласыз: - eGov mobile қосымшасында; - ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде(pki.gov.kz) толық нұсқаулық мұнда; - сондай-ақ сіз жақын жердегі ХҚКО жүгіне аласыз.

    kyzylorda-zhalagash·
    Сұрақ

    Шөп шабу үшін жер беру туралы

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарына байланысты ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жердегі учаскелерін шөп шабу үшiн сұралған жер учаскелеріне алдын-ала таңдау жұмыстары жүргізіліп нәтижесі жер учаскелерін таңдау актісімен және жер учаскелерінің шекараларының жобасымен ресімделеді. Дайындалған құжаттар, аудандық жер комиссияның отырысында қаралып, сұралған жер учаскелеріне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын табыстау мүмкіндігі бойынша хаттамалық шешімімен оң қорытынды қабылдану қажет.

    kyzylorda-zhalagash·
    Сұрақ

    Кепілде тұрған үйдің құжаттарын рәсімдеу мерзімін ұзарту?

    Жауап

    Тұрғын үйдің техникалық құжаттарын жаңадан қайта рәсімдеуге (өзгертуге) аудан әкімдігі тарапынан келісім берілу тиіс. Бұл ретте, жаңадан жасалатын құжатты қайта рәсімдеп, тұрғын үй құжаттарының түпнұсқасын ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне тапсыруды және бұл жөнінде аудан әкімдігі мен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-на хабардар ету сұралады.

    kyzylorda-zhalagash·
    Сұрақ

    Егер медициналық көмек көрсету кезінде денсаулыққа зиян келтірілсе, шағымды қайда жіберуге болады?

    Жауап

    Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институтын енгізуге байланысты, сапасыз медициналық көмек алып, денсаулыққа және өмірге зиян келген жағдайда, өтініш берушілер алғашқы кезеңде медициналық көмек көрсеткен денсаулық сақтау субъектісіне шағымдана алады. Денсаулық сақтау субъектісінің науқастарды қолдау және ішкі сараптама қызметі (әрі қарай - Қызмет) 20 жұмыс күні ішінде шағымды қарастырып, егер медициналық көмек көрсету барысында бұзушылықтар анықталса, тәуелсіз сараптамалық комиссия (ТСК) құрады. ТСК денсаулық сақтау субъектісінің басшысының бұйрығымен әр мамандық бойынша кемінде 3 профильді маман мен сақтандыру ұйымының өкілінен, біріккен сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы ұйымның өкілінен құралады және Қызметтен шағым түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде құрылуы тиіс. ТСК медициналық қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгенін (немесе келтірілмегенін) анықтап, қорытынды шығару үшін 5 жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды, қажет болған жағдайда мерзімін 2 айға дейін ұзартуға болады. Егер денсаулыққа немесе өмірге зиян келтірілгені анықталса, сақтандыру төлемі төленеді.

    kyzylorda-zhalagash·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.