Тілендиев ауылындағы 3 аусымды мектептің мәселесін шешу үшін салынып жатқан «Жайлы мекпеп» қашан қолданысқа беріледі?
«Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта нысанның 80%-ы аяқталған. Құрылыстың негізгі жұмыстарын – құрылыс-монтаж, инженерлік желілерді тарту, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қамтиды. Мектептің құрылыс сапасы мен қауіпсіздігі бақылауда. Жоба заманауи білім беру стандарттарына сәйкес сынып бөлмелері, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана және басқа да қажетті инфрақұрылымдарды қамтиды. Құрылысты аяқтау және мектептің пайдалануға берілуі жоспарланған мерзімде жүзеге асырылады.