«Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» ТР ТС 022/2011 талаптарына сәйкес қаптамада тағам өнімінің атауы, құрамы, саны, өндірілген күні, сақтау мерзімі, сақталу шарттары, мекеменің атауымен орналасқан жері, пайдалану бойынша ұсыныстар мен шектеулер, тағам өнімінің құндылық көрсеткіштері, тағам өнімдерінде ГМО (гендік-модификацияланған организмдер) пайдаланып алынған компененттер бар екендігі туралы мәлімет, Кеден Одағының мемлекет мүшелерінің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі көрсетілуі тиіс. Таңбаланудың толық және анық болуы тұнуышыларға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.