«Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 005/2011 талаптарына сәйкес тағаммен жанасатын қаптама қауіпсіз материалдардан дайындалуы тиіс және өнімнің сапасына, қауіпсіздігіне теріс әсер етпеуі қажет. Қаптама өнімді тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде оның тұтастығын қаптамасыз етуге, сыртқы ортаның әсерінен қорғауға арналған.
Қаптаманың қауіпсіздігі мынадай талаптардың жиынтығын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі:
- Тағам өнімдерімен жанасатын материалдардың санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкестегі;
- Механикалық көрсеткіші;
- Химиялық әсерге төзімділігі;
- Қаптаманың тығыздығы.