Жаңақорған ауданы бойынша 2026 жылға санаторийлік-курорттық емделу қызметі бойынша «Е-собес» базасына жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қосымша 68 мүгедектігі бар адамнан санаторийлік-курорттық емделуге өтініш түсіп, тиісті қаржылары бөлінбей тұр.
Облыстық басқармамен санаторий-курорттық емделудің қызметіне алдағы уақытта өтетін облыстық мәслихат сессиясының қарауына қосымша қаржы бөлу жөнінде тиісті бюджеттік өтінім енгізілген.
Алдағы уақытта облыстық мәслихат сессиясының шешімімен қосымша қаржы қаралған жағдайда, санаторий-курорттық емделуге арналған қаржы белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті бөлініспен берілетін болады.