Әлеуметтік желілерде әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға мемлекет тарапынан бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқаны туралы ресми емес ақпараттар таралуда. Осыған байланысты аудан тұрғындарынан «Е-Gov» мемлекеттік қызметтер порталы арқылы көптеген өтініштер келіп түсуде.Осы ретте, әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Жаңақорған ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №94 шешіміне сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде таралған кейбір тізімдерде мәслихат шешімінде қарастырылмаған келесі санаттар көрсетілген:
Қатерлі ісік аурулары бар азаматтар;Қант диабеті ауруы бар азаматтар;
Жетімдікке және ата-ана қамқорлығының болмауына байланысты азаматтар;
Жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмауына байланысты;
Жан басына шаққандағы орташа табысы жергілікті өкілді орган белгілеген шектен аспауына байланысты және өзге де санаттар.
Аталған санаттар бойынша жергілікті атқарушы орган тарапынан өтініштер қабылданбайды және уәкілетті органнан тиісті ұсыныстар түспегенін мәлімдейміз.
Десе де көрсетілген негіздемелер бойынша заңдылыққа өзгерістер енгізілген жағдайда, тұрғындарды қосымша түрде ресми ақпараттандырылатын болады.
Осыған байланысты әлеуметтік желілерде таралған ресми емес ақпараттарға сенбеулеріңізді және негізсіз өтініштер бермеулеріңізді және сұрақтар туындаған жағдайда бөлімге келіп, шынайы ақпарат алуларыңызды сұраймыз.