2025 жылы аудан спортшылары спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатынан 2 күміс, 2 қола жүлдені иеленсе, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдегер атанып , Азия ойындарынан 3 қола, ҚР чемпионаттарында 30 алтын, 55 күміс, 30 қола медальды иеленді. (33 алтын, 61 күміс, 36 қола медаль) барлығыны 130 медаль.
Сондай-ақ 35 аудан спортшылары ҚР ұлттық құрама командасының сапына енсе, 45 спортшымыз облыстық құрама сапында өнер көрсетуде, спорт түрлері бойынша 7 спортшы – ҚР спорт шебері, 45 спортшы – Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, 16 спортшы – І-ші разрядты спортшы нормативін орындады.
Бұқаралық спортты дамыту бойынша Жаңақороған ауданының спортшылары Қызылорда облысының спрт түрлері бойынша облыстық чемпионаттарында волейболдан ерлер құрамасы 2 орын, әйелдер құрамасы 3 орын, баскетболдан ерлер құрамасы 3 орын, әйелдер құрамасы 2 орын, қол добынан әйелдер құрамасы 2 орын, футболдан аудан құрамасы 3 орынды иеленсе.
Ауыл спортшыларының «Алтын күз -2025» ХХХVIII облыстық спартакиадасы мен «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындарында Жаңақорған ауданының құрама командасы жүлделі 3 орынды иеленді.
Спорт түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы облыстық спартакиадасында Жаңақорған ауданың құрамасы 3 орынды иеленді.