2019 жылы Жаңақорған кентінің аумағы кеңейіп, жаңадан мөлтек аудандардың пайда болуына байланысты «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы жүзеге асырылған. Аталған жобамен магистралдық су желілері салынған болса, 2021-2022 жылдары сервистік жүйесімен қамтылған.
Дегенмен, «Тақыркөл» бас су алғышынан №1 сорғы станциясына дейін магистральды су өткізгіші жеткілікті ауыз су қорын жеткізе алмауына байланысты бүгінгі күнге дейін ауыз су беру мүмкін болмаған.
2024 жылы «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентіндегі МАИ бекеті шағын ауданында су тарату станциясы және қосылу тармағының құрылысы» нысанының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құны 1 071 855,0 мың теңге.
Қазіргі танда, республикалық бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны аяқтау мерзімі 2026 жылдың мамыр-маусым айлары деп жоспарлануда.
Жоба бойынша Жаңақорған кенті «МАИ бекеті», «Алтыкрант» мөлтек аудандарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.