Ауданға инвестиция тарту аясында инвесторлар үшін бірқатар қолайлы жағдайлар жасалып отыр.
- Инвестициялық алаңдар электр, су, газ, жол желілерімен қамтамасыз етіліп, кезең-кезеңімен жеткізіледі.
- Индустриялы қаймақтар, бос жерлер ұсынылады.
- Рұқсат құжаттарын алу, жер бөлу, техникалық шарттар мәселелерінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан сүйемелдеу көрсетіледі.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылған.
- Инвесторлармен жобаларды жедел қарау және келіссөздерге қолайлы орта қалыптастырылған.
Осының барлығы инвесторлар үшін тәуекелді азайтып, жобаларды тез іске асыруға және ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.