Ауданда уран өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындарда экологиялық талаптарға сәйкес автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылған, яғни бұл жүйе зауыт өндірісінен шыққан ластағыш заттарды тез арада бақылап, олардың ауада таралуын рұқсат етілген нормадан аспауын қадағалайды. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі жүзеге асыратын өлшемдер, оларды өңдеу, беру, сақтау мен пайдалану Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы және ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істейді. Атап айтқанда, кәсіпорындар үздіксіз өлшеу нәтижелері бойынша ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің сақталуын және ластаушы заттардың жаппай шоғырлануын бақылау арқылы жүзеге асырып, мемлекеттік органдарға әрбір 20 минут ішінде орташаланған қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы ластаушы заттардың нақты шығарындылары туралы дәйекті ақпаратты нақты уақыт режимінде үздіксіз ұсынады. Сонымен қатар, кәсіпорындарда ҚР Экологиялық кодексінің 106-бабының талабына сәйкес, қоршаған ортаға жағымсыз әсерді жүзеге асыру құқығын куәландыратын және қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттарын айқындайтын құжат, яғни экологиялық рұқсат рәсімделген.