Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш;
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
Өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).