Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне (бұдан әрі – құрамдас бөліктер) атау және оларды қайта атау кезінде:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы
1 тамыздағы № 211 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 болып тіркелген)Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес атау беру және қайта атау барысында жұмыс басталғанға дейін кемінде жарты жыл бұрын белгілі ғалымдар мен өлкетанушыларды, мамандарды тарта отырып, масс-медиа, әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) құрамдас бөліктерді қайта атау туралы шешім қабылдағанға дейін ескі атауының шығу тарихын зерттеу;
3) құрамдас бөліктерді қайта атау кезінде бірінші кезекте идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулардың өзгеруін қамтамасыз ету;
4) құрамдас бөліктергекөзі тірі кісі есімдерінің берілуіне жол бермеу;
5) құрамдас бөліктерге атау беру және қайта атау кезінде Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу;
6) үлкен көшелер мен даңғылдарға мемлекет тәуелсіздігінің нығаюына ерекше үлес қосқан ұлы тарихи тұлғалардың, белгілі қайраткерлердің есімдерін беру, сондай-ақ құрамдас бөліктерге тарихи тұлғалардың есімдерін беру кезінде көшенің ұзындығына, орналасқан жеріне, абаттандырылуына және басқа да факторларға назар аудару;
7) құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстарды құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен бірлесіп жүргізу ұсынылады;
8) мағыналары тар атаулар немесе жалпылық сипатта болатын, жеке тұлғалардың есімдерін меңзейтін және тарихи-дәстүрлі атауларға негізделмеген атаулардың берілуіне жол бермеу; (Мысалы: Ботагөз, Қарлығаш, Замандастар, Мектеп, Мерей, Мұрагер тағы басқалар);
9) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi басқа құрамдас бөліктерге бiр атауды бiр мәрте ғана беру (атаудың бір мәртелігі);
10)құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Республикалық ономастика комиссиясы қарауына жіберілгенге дейін құжаттардың сапалы әрі заңнамаға сәйкес ресімделуін қадағалау мақсатында облыстық ономастика комиссиясының жұмыс органы болып табылатын басқармамен алдын ала жұмыс жүргізу;
11) құрамдас бөліктердің типтерін белгілеуді бірыңғай қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12938 болып тіркелген) көзделген құрамдас бөліктер типтері атауларының тізбесін басшылыққа алу;
12) құрамдас бөліктері атауларының көрсеткіштерін белгілеу кезінде Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегіұсынымға сәйкес берілуін басшылыққа алу ұсынылады.