2025 жылы Жаңақорған кентініңСаяжай-1 мөлтек ауданындағы жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым (электрмен жабдықтау) жұмыстарының құрылысына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен республикалық бюджеттен 400 млн. теңге бөлінді.
Жаңақорған кентінің Саяжай-1 мөлтек ауданы бойынша570 дана темірбетон тіректер орнатылды және 2500 дана темірбетон тіректер сатып алынып, нысанның басына жеткізілді.
Сонымен қатар, СИП маркалы электр желілерінің 45 шақырымы сатып алынып, нысанның басына жеткізілді.
2026 жылыреспубликалық бюджеттен1,0 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жалғастырады.
Нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айы деп жоспарланған.