Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінеКөтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын қолдану үшін не істеу керек?

    kyzylorda-zhanakorgan

    kyzylorda-zhanakorgan·
    Сұрақ

    Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінеКөтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын қолдану үшін не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» II тарау 4 тармағына сәйкес « Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша ұсынылады». Тізбе аудандық білім бөлімі, аудандық көпбейінді орталық аурухана, аудандық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі, аудандық ветеринариялық станция, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан әкімі аппаратының ұсынысы мен2023 жылғы 24 мамырдағы Жаңақорған аудандық прокуратурасының Ұсынуын негізге ала отырып, аудандық «Мансап орталығы» «Enbek.kz» порталының мониторинг мәліметі негізінде бекітіледі. Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі тоқсанына 1 рет бекітіледі.

    Өтінім беру 2023 жылдан сенім білдірілген өкіл «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы) otbasybank.kz/programm-bank арқылы жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетінқызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

    1. l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

    осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

    2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

    осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

    жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

    неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    Кредиттік бюродан есеп.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қандай жағдайда жалдау мерзімін ұзартудан бас тартуы мүмкін?

    Жауап

    Жер телімі осы уақытқа дейін еш игерілмесе (мысалы, ИЖС-қаберілген жерге 3 жыл ішінде үй салынбаса). Жалдау ақысы бойынша мемлекет алдында қарыздар болса. Жердің нысаналы мақсаты бұзылып, басқа мақсатта пайдаланылса.

    kyzylorda-zhanakorgan·
    Сұрақ

    Арендалық жер учаскесінің мерзімін ұзарту тәртібі?

    Жауап

    Мерзімі аяқталуға жақын қалған арендалық жер учаскесінің (уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының) мерзімін ұзарту толықтай онлайн форматқа көшірілген және eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. ҚР Жер кодексінің 37-бабына сәйкес, егер сіз жерді мақсатты түрде пайдаланып, шарт талаптарын бұзбаған болсаңыз, мерзімді ұзартуға басым құқығыңыз бар. Мерзімді ұзартудың нақты тәртібі мен шарттары төмендегідей: Өтініш беру мерзімі Өтінішті жалдау мерзімі аяқталуға кемінде 90 күн (3 ай) қалғанда беру қажет. Маңызды: Егер мерзімді өткізіп алсаңыз, басым құқықтан айырыласыз және жер мемлекет меншігіне қайтарылып, басқа тұлғаларға конкурстық негізде берілуі мүмкін.

    kyzylorda-zhanakorgan·
    Сұрақ

    Құрылысқа рұқсаталу тәртібі?

    Жауап

    Құрылысты заңды түрде бастау үшін мына 4 негізгі қадамнан өту қажет: 1-қадам: СЖТ (АПЗ) және Техникалық шарттарды алу Не істеу керек: eGov.kz порталы арқылы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) және техникалық шарттарды беру» қызметіне тапсырыс бересіз.Мақсаты: Сәулет бөлімі сізге жер телімінде үйді қалай орналастыру керектігін (шекарадан ,жолдан қанша метр қашықтық сақтауды) көрсетеді, ал монополистер су, жарық, газға қосылу шарттарын береді.Мерзімі: 6-дан 15 жұмыс күніне дейін (тегін). 2-қадам: Эскиздік жобаныәзірлеу және келісу Не істеукерек: Лицензиясы бар сәулетшіге немесе жобалау ұйымына болашақ үйдің жобасын (эскизін) сыздырасыз. Одан кейін дайын эскизді eGov.kz арқылы жергілікті Сәулет бөліміне бекітуге жібересіз.Мақсаты: Сәулет бөлімі үйдің сыртқы келбеті мен биіктігінің қала құрылысы талаптарына сай екенін тексереді.Мерзімі: 10 жұмыс күніне дейін (тегін). 3-қадам: Жобалық құжаттаманы жасау және сараптама Жеке үйлер үшін (ИЖС): Егер үйіңіз 2 қабаттан аспаса және күрделі инженерлік шешімдерді талап етпесе, мемлекеттік емес сараптамадан өту міндетті емес. Тек лицензиясы бар маман жасаған жұмыс жобасы болса жеткілікті. Коммерциялық және күрделі нысандар үшін: Жоба міндетті түрде аккредиттелген сараптамалық ұйымның оң қорытындысыналуы тиіс. 4-қадам: ГАСК-ке хабарлама жіберу (Ең маңызды қадам!) Елицензия (elicense.kz) порталы арқылы «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама» жолдайсыз. Қажетті мәліметтер: Хабарламаға жоғарыдағы СЖТ, келісілген эскиз нөмірлерін және құрылысты жүргізетін мердігердің немесе техникалық/авторлық қадағалаушылардың (технадзор) мәліметтерін енгізесіз. Нәтиже: Хабарлама жіберілген сәттен бастап (талон алғансоң) құрылысты заңды түрде бастауға құқығыңыз бар.

    kyzylorda-zhanakorgan·
    Сұрақ

    ҚР Заңы бойынша заңсыз құрылыс үшін жауапкершілік қандай?

    Жауап

    МСҚБ (ГАСК) органдары Әкімшілік құқықбұзушылықтуралы кодекстің 319 немесе 321-баптары бойынша айыппұл салады (заңсыз құрылыс жүргізгені үшін). Жеке тұлғаларға 15-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл. Заңды тұлғалар үшін 2000 АЕК дейін. Ірі залал кезінде ҚР ҚК 277-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қаралады.

    kyzylorda-zhanakorgan·
    Сұрақ

    Құрылысты заңды түрде (басталмай тұрып немесе құрылыс барысында) рәсімдеу

    Жауап

    Бұл қызметтердің барлығы eGov.kz порталы арқылы электронды түрде және тегін көрсетіледі. 1-қадам: Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ/АПЗ) және техникалық шарттарды алу Сәулет бөлімінен үйдің қалай орналасатыны және инженерлік желілерге (су, жарық, газ) қосылу шарттары жазылған құжатты аласыз. 2-қадам: Эскиздік жобаны әзірлеу және келісу Лицензиясы бар маманға (архитекторға) үйдің жобасын сыздырып, оны жергілікті Сәулет және қала құрылысы бөлімі мен eGov арқылы келісесіз. 3-қадам: Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама беру. Ең маңызды қадам! Құрылысты бастамас бұрын, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (МСҚБ / ГАСК) басқармасына eGov арқылы «құрылысты бастайтыныңыз туралы» хабарлама жібересіз. Ескерту: Егер бұл хабарлама жіберілмесе, құрылыс «өз бетімен салынған» болып есептеліп, айыппұл салынады. 4-қадам: Нысанды пайдалануға қабылдау (Ввод в эксплуатацию) Құрылыс біткен соң, нысанды пайдалануға қабылдау актісі толтырылып, Сәулет бөлімінде тіркеледі. 5-қадам: Әділет органында тіркеу Тіркелген акт пен техпаспорт ЦОН-ғаөткізіліп, жылжымайтын мүліктің құқықтық кадастрына енгізіледі.

    kyzylorda-zhanakorgan·
    Сұрақ

    Сәулет бөлімі арқылы жер учаскесінің мақсатын қалай өзгертуге болады?

    Жауап

    Өтініш eGov.kz. арқылы беріледі. Сәулет бөлімі жаңа нысаналы мақсаттың (мысалы, "ӨҚШ" - дан "ЖТҚ" - ғанемесе "кәсіпкерлікке") Бас жоспарға сәйкес келетіндігін тексереді. Мақұлданған жағдайда әкімдіктің шешімі шығарылады. Қызмет мерзімі 8 ден 16 күнге дейін. (жер телімі елді мекен ішінде немесе елді мекенн нен тыс болса)

    kyzylorda-zhanakorgan·
    Сұрақ

    АПЗ алғаннан кейін және эскизді келіскеннен кейін құрылысты бірден бастауға бола ма?

    Жауап

    Жоқ. Осыдан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу, Жобаның сараптамасынан өту (ЖТҚ үшін оңайлатылған тәртіппен), авторлық/техникалық қадағалауды жалдау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына (ГАСК) міндетті түрде хабарлама беру қажет.

    kyzylorda-zhanakorgan·
    Сұрақ

    Жеке үйдің (ЖТҚ) эскиздік жобасын бөліммен келісу міндетті ме?

    Жауап

    Иә, міндетті. Құрылысты бастамас бұрын эскиздік жобаны келісу қажет eGov.kz ғимараттың сыртқы келбетін, қабатын және отырғызылуын қызыл сызықтар мен қала құрылысы ережелеріне сәйкестігін растау үшін.

    kyzylorda-zhanakorgan·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.