Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің талаптары қандай?

    Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

    Сұрақ

    Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің талаптары қандай?

    Жауап

    Археологиялық жұмыстар Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңның 34-бабынд және «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығында көрсетілген талаптар бойынша жүргізіледі.

    Археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия болған кезде, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жол беріледі.

    Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін хабар беруге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мекеменің тарихына қатысты құжаттар архивте сақталады ма, ол құжаттарды қалай алуға болады?

    Жауап

    Мекеменің тарихына қатысты құжаттар мемлекеттік архивтерде сақталады. Архивте пайдаланушыларға оқу залы жұмыс жасайды. Сұранысқа сәйкес тиісті мәліметтер ұсынылып, құжаттардың көшірмелері беріледі.

    Сұрақ

    Еңбек өтілін растауға қатысты архивтік анықтама қанша уақытта дайын болады?

    Жауап

    Еңбек өтілін растауға қатысты архивтік анықтама заңнама талаптарына сәйкес 11 (он бір) жұмыс күні ішінде дайын болады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.