Мемориалдық тақта қалай орнатылады?

    Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

    Сұрақ

    Мемориалдық тақта қалай орнатылады?

    Жауап

    Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады. (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 бұйрығы).

    Мемориалдық тақталар орнатуға өтініштер қағаз түрінде және электрондық үкіметтің веб-порталы (www.egov.kz) арқылы қабылданады.

    Көрсетілетін қызмет түрі - тегін.

    Мемориалдық тақта орнатуға төменде көрсетілген құжаттар жолдануы тиіс:

    1) өтініш,

    2) аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және/немесе айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттың көшірмесі және/немесе архивтік үзінді және өзге құжаттар;

    3) мемориалық тақтаның эскизі (материалы – мәрмәрдан, граниттен, металдан немесе басқа да материалдардан жасалады. Мемориалдық тақталар екі метрден төмен емес биіктікте орнатылады және 50 х 80 сантиметрден аспайтын көлемде жасалады);

    4) тақта орнатылатын ғимараттың меншік иесінің жазбаша келісімі;

    5) орнатылатын ғимарат республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, уәкілетті органның келісімі.

    Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия өтініштің көрсетілетін қызметті алушыға мемориалдық тақтаны орнатуға рұқсат беруге келісу туралы немесе теріс шешім шығарады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мекеменің тарихына қатысты құжаттар архивте сақталады ма, ол құжаттарды қалай алуға болады?

    Жауап

    Мекеменің тарихына қатысты құжаттар мемлекеттік архивтерде сақталады. Архивте пайдаланушыларға оқу залы жұмыс жасайды. Сұранысқа сәйкес тиісті мәліметтер ұсынылып, құжаттардың көшірмелері беріледі.

    Сұрақ

    Еңбек өтілін растауға қатысты архивтік анықтама қанша уақытта дайын болады?

    Жауап

    Еңбек өтілін растауға қатысты архивтік анықтама заңнама талаптарына сәйкес 11 (он бір) жұмыс күні ішінде дайын болады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.