Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту» туралы 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес;
Ет бағытындағы сатып алған асыл тұқымды ірі қара малдарға отандық 260 000 теңге және ТМД елдерінен сатып алынса 390 000 теңге және Еуропа елдерінен алынса – 525 000 теңге төленді.
Сүт сатып алған асыл тұқымды ірі қара малдарға отандық 350 000 теңге және ТМД елдерінен сатып алынса 390 000 теңге және Еуропа елдерінен алынса 700 000 теңге төленді.
Бұл жерде ескеретін жағдай сатып алынған асыл тұқымды малдар ереже қағидаларына сай 1 (бір) жыл бойы аман сақталуға жатады (мал шығындарының зоотехникалық номаларын қоспағанда). Ал егер мал басы сақталмасы алынған субсидия мемлекетке кері қатаруға жатады.